Тарихи анықтама:
Қоғамдық бірлестік 07.02.2001 ж. тіркелген, басшысы басшысы Борисович Галина Августиновна. Қоғамдық бірлестіктің филиалдары  мен өкілдіктері жоқ. 
 
Басшысы: Борисович Галина Августиновна 02.01.1949 ж. т.
«Крыничка» вокалдық ансамблінің мүшесі. «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығына 25 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Белорустардың Шығыс Қазақстанда тұрып жатқанына 100 жыл» медальдарымен марапатталған.
 
 
 
 
 
Практикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
халықтар арасындағы достықты нығайту, ұлтаралық қатынастарды жетілдіру;
беларус тілін, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, беларус халқының дәстүрлерін, мерекелері мен рәсімдерін, өнері мен қолөнерін, әдет-ғұрыптарын жандандыру;
Шығыс Қазақстандағы белорустардың рухани және басқа да қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру;
беларус тілін үйренгісі келетіндердің барлығына көмек көрсету, беларус мәдениетімен таныстыру.
 
Ресурстық база:
Этномәдени бірлестіктің отырыстар  мен сабақтар өткізуге арналған кабинеті бар, сондай - ақ Кузнецова Наталья Алексеевна жетекшілік ететін «Крыничка» вокалдық ансамблі және «Рамонки» балалар вокалдық ансамблі бар. Олар  Достық үйі- Қоғамдық келісім орталығы өткізетін барлық іс-шараларға қатысады, сондай-ақ республикалық, облыстық және қалалық ауқымдағы конкурстарға, фестивальдарға және іс-шараларға қатысады. Этномәдени бірлестіктің белсенділері Қазақстан халқының этносаралық қатынастарын дамытуға баға жетпес үлес қосуда. Қаржыландыру көзі, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының бюджетінен бөлінген қаражат.
Этномәдени бірлестік мынадай іс-шаралар өткізеді:
«Рождество және Крещения», «Масленица және Пасха» мерекелік іс-шаралары;
«Беларус музыкалық өнері: тарих және қазіргі заман» семинары;
Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған семинар;
«Славян халықтарының ұлттық тағамдары» іс-шарасы;
«Белорус отырыстары» кеші;
 
Негізгі жобалар: Жазушы Кравченко-Жанпеисова Галина Анатольевна «На житейских перекрестках» әңгімелер жинағын жазған. Жазушы Лущаева Раиса Тихоновна өлеңдер кітабын, Вламир Иванович Марков (дәрігер) - «Крылатый метал» кітабын жазған.
 
Жетістіктері:
«Шығыс Қазақстан белорус мәдени орталығы» облыстық қоғамдық бірлестігі  ұлтаралық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайтқаны үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен, грамоталарымен және дипломдарымен марапатталды. 
 
Байланыстар:
8-777-195-13-57 – Борисович Г.А. GAB.vkntb@mail.ru
8-705-565-55-06 – Кузнецова Н.А. skachkova68@mail.ru
(«Рамонки» балалар вокалдық ансамблінің жетекшісі) 
https://ok.ru/profile/144551843743
https://ok.ru/profile/103298367041